Қала мен Сала

Абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Ауа райының қолайлылығын пайдаланып, Есіл ауданындағы коммуналдық шаруашылық саласының мамандары аула аумақтарын абаттандыру жұмыстарын жалғастыруда.

Мәселен, «Северная корона» тұрғын үй кешенінде жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына ыңғайлы жолдар салынды. Алдағы уақытта балалардың ойын  алаңдарына жаңа шағын сәулет нысандары орнатылатын болады.

Сонымен бірге Достық көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша алаңды қоршау жұмыстары қалпына келтіріліп, жаңа шағын сәулет нысандары әкелінді, жақында оларды орнату басталады.

Сауран көшесі 12/2 ауласында да жаңа шағын сәулет нысандардың демонтаждау жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, футбол алаңы мен балалар алаңын жайластыру жұмыстары жүргізілуде.

Е-16 мекенжайы бойынша жаңа шағын сәулет нысандарын орнату басталды. Бұл жерде барлығы 3 аула абаттандырылады. Жалпы, «Есіл» ауданында 30 мекенжай бойынша аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

– Ауламыз адам танымастай өзгерді. Айналаның бәрі тап-таза. Әсіресе, балаларға жақсы болды. Жаз бойы жаңарған аулада асыр салып, алаңсыз ойнап жүр. Көшелеріміз көріктендіріліп, ағаштар отырғызылды. Қазір ауа-райы да керемет болып тұр. Күн жадырап, тұрғындар тазалыққа мән беріп, жылы күндерді пайдаланып, аулаларындағы қоқыстарды жинастыруда. Әкімдіктегілер де айналаны көгалдандырып жатыр. Көз қуанады. Бізге, балаларымыз бен немерелерімізге осындай қуаныш сыйлаған коммуналдық шаруашылық саласының мамандарына алғысымызды айтамыз. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып, айналамыз ажарлана берсе екен, – деді елорда тұрғыны Берік Маратұлы.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button