Елорда тынысы

Ардагерлер әрқашан сапта

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты әлеуметтік және экономикалық саясаттағы бас­тамалар Жолдауы – Сарыарқа ауданының аға ұрпақ өкілдерінің басты назарында. Аудандық Ардагерлер кеңесінде аудан әкімінің орынбасары Ахымбеков Әлібек Болатұлының қатысуымен осы маңызды саяси құжатты талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Еңбек ардагері, «Астана-1» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы А.С. Шмаков әлемдегі күрделі қоғамдық-саяси және халықаралық жағдай туралы айтса, тыл еңбеккері, Қазақстан білім беру ісінің үздігі, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшесі ­     Е.Н. ­Га­люк дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын Мемлекет басшысының Республика Парламентінің депутаттарына айтқан «Биыл біздің еліміз дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты» деген алғашқы сөзіне аударды. Осындай бастамадан кейін Мемлекет басшысы реформаның нақты бағыттарын атап көрсетті: бұл материалдық өндіріс салаларын және саяси жүйені қайта құру. Жолдауда елдің басты құндылығы – адам екені, сондықтан да байлықты әділ бөлу, әрбір азаматқа тең мүмкіндік беру – жарияланған реформалардың басты мақсаты екені атап өтілген.Одан әрі ол мектепке дейінгі білім беру саласында орын алып отырған мәселелер жайында «Елдің болашағы – сәби бесігінен басталады» нақыл сөзін келтірді. Табысты ұлттың маңызды факторларының бірі болып табылатын бұл – орта білім сапасы , жалпы жаңа мектептер салу және оны жүзеге асыру Үкіметтің, әкімдердің  басты міндеттерінің бірі болуы керек. Бұл тапсырманы орындау үшін жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден соттардың қорытындысы бойынша қайтарып алынған қаражатты пайдалану қажет. Әрине, халықты шешуші өзгерістер күтіп тұр. Жолдауда еліміздің ілгері дамуы жолында көрсетілген қажетті жұмыс бағыттары ешкімді бейжай қалдыра алмайды.

Аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, оның төралқасының мүшесі Р.И. Асылбекова Мемлекет басшысының Жолдауында өскелең ұрпаққа үлкен қамқорлық көрсетілетінін атап өтті. Жастарды жұмысқа орналастыруда және жеңілдетілген несиелер бөлуде қолдау көрсетіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру мәселелеріне «Жаңа Қазақстан» құрылысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынына, сондықтан Үкімет пен әкімдерге мектеп салу бойынша нақты тапсырмалар берілгеніне тоқталды. Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған мәселелер бойынша және алға қойылған бағдарламаларға сәйкес нақты жұмыстар жүргізу қажет. Ал бұл биліктің ұйымдастырушылық белсенділігіне байланысты, әңгімелерден гөрі іске кірісіп, алға қойылған міндеттердің орындалуына бақылауды күшейту керек.

Аудандық Ардагерлер кеңесі тексеру комиссиясының және «Мақсат» бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы М.И.Тараненко жер, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелерін нақты қолдау қызығушылық тудыратынын атап өтті.

– Елде жер көп, алаңдар жеткілікті, халық үшін ең қажетті азық-түлік өнімдерін шет елден әкелмей, оларды өзіміз өндіре алатын денгейге жету керек. Бұл үшін Қазақстанда барлық жағдайлар жасалған. Бұл міндетті аграрлық сектордың алдына Президент өз Жолдауында қойды. Егер оны жауапкершілікпен орындасақ, біз еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз, – деді ол.

Отставкадағы подполковник, бұрынғы шекарашы, қалалық және аудандық Ардагерлер кеңесінің мүшесі, қалалық Ардагерлер кеңесінің әлеуметтік-тұрмыс­тық комиссиясын басқаратын аудандық Ардагерлер кеңесі төралқасының мүшесі К.К. Жантеміров Президенттің Жолдауында айтылған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер мен халықтың әл-ауқатын жақсартудағы мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктері туралы айтты. Онда «азаматтарға қоғамдық игіліктердің жоғары деңгейі­не кепілдік беріледі» делінген және халықтың әлеуметтік осал санаттарын қолдау» жобасын іске асыру арқылы барлық адамдар үшін мүмкіндіктер теңдігі мен әділдікті қамтамасыз етуге тиіс. Президент ұсынған реформаларды қолдай отырып, өз елінің өркендеуін тілей отырып, ол әрбір азамат «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қосқан үлесі туралы ойлануға және белгіленген бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуге тиіс деп есептейді.

Аудандық Ардагерлер кеңесінің және қоғамдық ұйымдармен жұмыс жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы, «Нургуль» бастауыш ардагерлер ұйымының төрайымы, халыққа білім беру ісінің үздігі Р.А. Коновалова ұрпақтар сабақтастығы туралы айтып, бұл жіпті үзуге болмайды, ол жастар мен ардагерлер арасындағы мәңгілік байланыс болуы тиіс деді. Өскелең ұрпақ білуі және есте сақтауы тиіс: иә, біз әртүрліміз, бірақ біз ортақ тағдыры мен тарихы бар біртұтас Қазақстан халқы болып табыламыз. Президент біздің экономикамыз бен әлеуметтік саламызды реформалау жөніндегі бағдарламаны қолдай отырып, «Жаңа Қазақстанның» құрылысына қосқан үлесіміз – жастармен жұмыс жасау және оларға біздің көпұлтты халқымыздың адамгершілік құндылықтары мен патриотизмін сіңіру, бұл «Жаңа әділетті Қазақстанның» табысты құрылысына ықпал етеді.

«Ника» бастауыш ардагерлер ұйымын және аудандық Ардагерлер кеңесінің дене шынықтыру және салауатты өмір салты жөніндегі тұрақты комиссиясын басқаратын Мухтарова Галина Александровна дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын біздің Президентіміздің Жолдауында қозғалған өзекті проблемаға аударды. Бұл – зейнетақы жүйе­сін қайта жүктеу, зейнетақыны арттыру. Бізде кішкентай зейнетақы алатын қарт адамдар аз емес, ал азық-түлік бағасы өсуде, Президенттің барлық игі бастамаларын қолдай отырып, өзіміз де ұсыныстар жасауымыз керек. Соның бірі жергілікті билік органдары тарапынан адамдар үшін өмірлік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға белгілеуді қатаң бақылау қажет. Ардагерлер бір ауыздан Президенттің Жолдау­да көтерген барлық мәселелері еліміздің үдемелі дамуы мен гүлденуі үшін маңызды және Мемлекет басшысының бастамаларын қолдай отырып, алға қойылған міндеттерді іске асыру жолында жұмыс істей отырып, біз «Жаңа Қазақстанды» табысты түрде құратын боламыз деп шешті.

 Ү.ҚҰСАЙЫНОВА,

Сарыарқа аудандық

Ардагерлер кеңесінің төрайымы

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button