Армысың, Астана!

Мемлекет басшысының Жарлығымен елорда атауы қайтадан Астана атанды. Бұл – халықтың өтініші мен тілегінен туындаған шешім болды.
Ежелден Ақмола болған, заманның ағымына қарай Целиноград, тәуелсіздік алған тұста қайтадан Ақмола аталған, елордасы ауысқанда Астана атанған, үш жыл бұрын Нұр-Сұлтан атауын иеленген бүгінгі бас қаламыз қайтадан екінші мәрте Астана болды.
Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған елордамыз – Астана, енді есімің де, мерейің де ұзағынан болғай!
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының əкімшілік-
аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін.
- Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.ТОҚАЕВ
Нұр-Сұлтан, Ақорда,
2022 жылғы 17 қыркүйек