Денсаулық

Атақты хирургтің ескерткіш тақтасы ашылды

Кеше елордада ­көрнекті ­ғалым, белгілі хирург, Астана қаласының құрметті ­азаматы Гилен Цойдың 100 жыл­дығына орай ескерткіш тақта ашылды.

Салтанатты рәсімге оның туыстары, достары мен шәкірттері, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, академиктер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Одан әрі «Хирургия және медициналық білім берудің таңдаулы мәселелері» атты халықаралық конференция өткізіліп, соның аясында Қазақстанда хирургия қызметін дамыту мен медициналық кадрларды даяр­лаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Астана медицина университетінде өткен жиынға Германия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да алыс-жақын шет елдердің хирургия саласындағы көрнекті ғалымдары қатысты.

– Университет қабырғасында шетелдік әріптестерімізбен тәжірибе алмасу, хирургия саласының даму болашағын талқылау – біз үшін ерекше мәртебе, өйткені Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, клиникалық иммунологтар мектебінің негізін қалаушы, Қазақстан медицина ғылымдары академиясының құрметті академигі және Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академия­сының академигі, профессор Гилен Васильевич 40 жылдан астам уақыт осы оқу ордасында еңбек ете жүріп, жоғары білікті дәрігерлер тобын тәрбиеледі. Конференция қорытындысы бұдан кейінгі ғылыми жұмыстарға негіз болатынына, хирургия қызметін одан әрі дамыту үшін тұжырымдаманы айқындайтынына және медицина кадрларын даярлау кезінде білім беру процесін жетілдіруге ықпал ететініне сенімдімін, – деді Астана медицина университетінің басқарма төрағасы – ректоры Камалжан Надыров.

Гилен Цой еліміздің хирургия қызметі мен хирургия ғылымының дамуына зор үлес қосты. Өзінің 90 жылдық мерей­тойына дейін кәсіби қызметін жалғас­тырды. Ол тың игеру жылдары тың игеру өлкесінің бас хирургі ретінде Ақмола облысы мен Солтүстік Қазақстанның хирургия және травматология қызметін ұйымдастыруға белсенді қатысты.

Танымал хирург өзінің еңбек жолын 88 жасында хирургия аурулары кафедрасының хирург-кеңесшісі болып аяқтады. 77 жасқа дейін ол ота жасаумен айналысты, сонымен қатар, Целиноград облыстық ауруханасының базасында ұйымдастырылған травматология ғылыми институтында кеңесші болды. Хирургия қызметі ашылған күннен бастап басқарған ол өмірінің соңғы күндеріне дейін сол жерде кеңесші болды.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button