Қала мен Сала
Аулалар абаттандырылады

Елордадағы Байқоңыр ауданында аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына және Абылай хан даңғылынан Ш.Құдайбердіұлы даңғылына дейінгі учаскелерде қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Абаттандыру барысында жоғарыда аталған учаскелерде тас төсеу, аймақтарды, балалар мен воркаут алаңдарын жайластыру жоспарлануда. Сондай-ақ жасыл желектерді отырғызуды және қосымша жарықтандыру тіректерін орнатуды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қазіргі кезде аудан аумағындағы әл-Фараби даңғылы бойында Пушкин көшесінен Алаш тас жолына дейін ұзындығы 2.8 км құрайтын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 5 маусымына дейін жалғасатын болады.