Денсаулық

Ашық есік күні өтеді

Бүгін елордадағы №7 ­қалалық емханада тіркелген пациенттер үшін жатыр мойны обырына қарсы айлығына байланыс­ты Ашық есік күні өтеді.
Ашық есік күнінде тегін қаралу үшін емхананың ересектер корпусындағы №213 кабинетке таңертеңгі сағат 8.00-ден 14.00-ге дейін келу керек. Бұл күні пациенттерді акушер-гинеколог қарап, консультация береді. Сонымен қатар келушілер жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ақпараттар жазылған материалдар алады.
Жатыр мойнының обыры әйел адамдарда кездесетін онкологиялық аурулардың үштігіне кіреді. Негізінен, бұл дертке – адам ағзасындағы папиллома вирусы себепкер. Жатырдың төменгі бөлігінде жатыр мен қынапты біріктіріп тұратын мойын, яғни босану жолы бар. Жатыр мойнының обыры 16, 18, 31, 33, 35 немесе 39 түрге жататын адам папилломасының вирусынан туындаған цервикалды интраэпителиалды неоплазия (CIN) нәтижесі болып саналады. Көбіне жатыр мойнының обырына 45-50 жастағы әйелдер шалдығады. Алайда онкологтар соңғы уақытта бұл аурудың жас әйелдерден де анықталып жатқанын айтуда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button