Ресми бет
Бишілер биіктен көрінді

Әлем чемпионатының жүлдегері елордалық Дастан Раушанбеков пен Құрбанәлі Әбуовті әуежайдан жанкүйерлері мен ағайын-туысы күтіп алды. Олар АҚШ-тың Орландо қаласында 2023 International Cheer Union әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті.
Халықаралық черлидинг одағының қолдауымен өткен чемпионатта біздің спортшылар хип-хоп стилі бойынша алғаш рет өнер көрсетті.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар мен дені сау бишілердің бірлескен өнер көрсетуін қамтитын турнирде АҚШ І орын алса, ІІ орыннан Қазақстан құрамасы көрінді.