Қала мен Сала

Газдандыру жалғасып жатыр

Елордада тұрғын үй алаптарын газдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Алматы және Сарыарқа аудандары үйлерді газға қосу мүмкіндігімен толық қамтамасыз етілген. Бұл – «Железно­дорожный», «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашық», «Промышленный», «Оңтүстік-шығыс», «Күйгенжар», «Мичурин» және «Интернациональный» тұрғын алаптары.

Есіл және Байқоңыр аудандары бойынша газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Мысалы, бұл «Ильинка» («Үркер»), «Өндіріс», «Пригородный», «Тельман» елді мекендері, сол сияқты «Family Village», «Garden Village» шағын аудандары және ­т. б. Сонымен бірге «Шұбар» шағын ауданында жобалау жұмыстары жүргізілуде. Онда жеткізуші газ құбыры, ал 2023 жылы орамішілік желілер салынады.

– Алматы және Сарыарқа аудандарының әкімдіктерімен тығыз жұмыс істейміз, сондай-ақ жақын арада Есіл ауданының әкімдігімен ынтымақтастықты жоспарлап отырмыз. Әрине, барлық қаржы табиғи газға қосылуға мүмкіндік бермейтінін байқамадық. Кейбіреулер көмірмен жылыту арзанырақ деп ойлайды. Дегенмен салыстыратын болсақ, онда бірдей сома шығады, бірақ тұрғын жайды газбен жылыту, әрине, ыңғайлырақ. Бұл қаланың экологиясына да оң әсер етеді. Егер орташа есеппен алатын болсақ, 100-150 шаршы метр үйге қазір текше метр үшін 38,9 теңгені құрайтын газ тарифімен есептегенде, шамамен 600 мың теңге шығады. Бірақ бұл – тек газға қосылу үшін төленетін бір реттік төлем. Егер ай сайынғы төлемді есептесек, қазір тұрғындар ең суық кезеңде айына 20-25 мың теңге төлейді. Бұл ретте біз әкімдікпен бірлесіп, көп жеңілдік қарастырдық, нәтижесінде елордадағы Шейх атындағы мешітке, тыл ардагерлерінің үйіне және бірнеше көпбалалы отбасыға тегін газ жүргізілді, – деді «Газ в дом» компаниясының өкілі Жәнібек Құсайынов.

Баян Асылбекова

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button