Елорда тынысы

Газ қазандықтары кезең-кезеңмен іске қосылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отырғанын мәлім етті.

«Елордада үш газ қазандығының құрылысы қатар жүріп жатыр. Газ қазандықтарының қуаты ЖЭО-3-тен 3 еседен де асып түседі. Тиісінше қазіргі тапшылықтың орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да мүмкіндік береді.

Газ қазандықтарын 2023 жылдан бастап кезең-кезеңмен іске қосу жоспарланып отыр. Газ қазандықтары жаңа теміржол вокзалының аумағында, Қорғалжын тас жолының бойында және «Тельман» елді мекенінде орналасқан.

Осылайша, «Оңтүстік-Шығыс» қазандығы «Мыңжылдық» ауданын, жаңа теміржол вокзалы аумағын, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды және т.б. жылумен қамтамасыз етеді. Ал «Тельман» қазандығы «Бағыстан» ТК, Ұлы Дала даңғылы, «Тельман» елді мекені аумағын қамтиды. Өз кезегінде үшінші – «Тұран» газ қазандығы Қорғалжын тас жолы, Тұран даңғылы бойындағы және т.б. құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, қаланы аралау барысында сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысымен таныстым. Бүгінде қала тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал жаңа ССС-3 қуаттылығы тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден астам су береді.

Қаламыздың дамып келе жатқанын ескерсек, қазірдің өзінде суға деген қосымша қажеттілік бар. Осы себепті ССС-3 биыл жыл соңына қарай ішінара пайдалануға беріледі. Осылайша сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал 2023 жылдан бастап ССС-3 жұмысының қуатын арттырамыз» деді елорда әкімі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button