Мәдениет

«Дос-мұқасан» дидары

«Дос-Мұқасан» атауымен аты аңызға айналған ансамбль туралы көркем фильм жалпыұлттық прокатқа шықты. Ефрат Шәріповтің сценарийі бойынша Aray Media Group студиясы түсірген фильмнің продюсері – Айгүл Байбек. Музыкалық драма режиссері – Айдын Сахаман. Киножоба Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық кинематографияны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.

Әйгілі ансамбльдің 55 жылдығына арналған кинотуынды түсірілімі екі жылға жуық уақытты қамтыды. Түсірілім жұмыстары еліміздің әр өңірінде жүргізілді. Фильм жарты ғасырдан астам тарихы бар ансамбльдің құрылу және қалыптасу хикаясын баяндайды. Бұл – әртүрлі жастағы аудиторияға арналған, «Ұлттық фильм» мәртебесіне ие болған отбасылық кинотуынды.

Ансамбльдің құрылу тарихы 1967 жылдың 1 тамызынан басталады. Сол күні Павлодар облысының Баян­ауыл ауылындағы Мәдениет үйінің сахнасында алғашқы рет өнер көрсеткен Қазақ политехникалық институтының студенттері жиналғандарды тамсандырды. Атауы оның ұйымдастырушылары Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов есімдерінің алғашқы буындарынан құралған. Кейін құрамы толығып, ауысып отырды.

Фильмде басты рөлдерді Астана қаласы Жастар театрының бір топ әртісі сомдайды. Атап айтқанда, Досым Сүлеевті – Мейірғат Амангелдин, Мұрат Құсайыновтың ұлғайған кезін – Ғани Құлжанов, Қамит Санбаевты – Елдос Шайкенов, Шәмша Беркімбаеваны – Айнұр Рахипова, Усмадияр Махановты Азамат Эсқұлов ойнайды. Фильмнің музыкалық редакторы – «Жастар» театрының хормейстері Әнел Сіргебаева.

Баян Асылбекова

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button