Елорда тынысы

Елді мекендер интернетке қосылды

Астана қаласының «Көктал-2» жеке секторының тұрғындары Gpon технологиясы бойынша 500 Мбит/с-ке дейін жететін жылдамдықпен цифрлық теледидар мен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады. Бұл шара Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен «Kazakh Home Networks» ЖШС (ТМ Almaline) бірлескен жобасының арқасында жүзеге асырылады.

Сарыарқа ауданы тұрғындарының айтуынша, бұл маңдағы сапасыз интернет мәселесі 8 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Енді, міне, желілерді қосу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Алғашқы абоненттер осы жылғы қазан айының ортасына таман интернетке толық қосылады. Осылайша, жақын күндерде жоғары жылдамдықты интернетке алдымен Баршын, Ұлытау, Саумалкөл, Құланөтпес, Айдарлы көшелерінің бойындағы тұрғындар қол жеткізеді.

Содан кейін елді мекеннің шығыс бөлігі жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылады. «Көктал-2» жеке секторының тұрғындарын талшықты-оптикалық байланыс желілерімен толық қамту қараша айының ортасында аяқталады деп жоспарлануда. Бұл жұмыстар аяқталған соң «Көктал-1» және Агроқалашық аудандарының тұрғындары интернетке қол жеткізеді. Жеке сектор тұрғындарына икемді тарифтік жоспарлар және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button