#Жаңа Қазақстан

Еліміз жаңару үстінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 20 қарашаны кезектен тыс Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтетін күн деп белгіледі. 

Қазір өмір өзгеріп, заман жаңаруда. Сондықтан Әділетті Қазақстан жағдайында жаңаша сайлау өткізу – елімізді оң қадамдарға, биік белестерге  бастайды. Әрі біздің қай-қайсымызға да тың мүмкіндіктер береді деп түсінуіміз керек.

Биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел ­Президенті құқық қорғау қызметкерлері алдына зор міндеттер қойды. Қоғамдық тәртіпті қатаң қадағалап, есірткі бизнесі, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты келеңсіздіктермен ымырасыз күрес жүргізіп, оларға барынша тосқауыл қойылуын тапсырды. Бұл біздің салаға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сонымен қатар біз сайлауға да барынша күш жұмылдырамыз. Ішкі істер органының қызметкерлері бұны жақсы түсінеді. Қазір бізде де оң өзгерістер болып жатыр. Жұмысымыздағы жинақылық, тәртіп, тапсырылған іске аса ұқыптылықпен қарау әр тәртіп сақшысына тән.

Өйткені еліміз үлкен өзгеріс үстінде. Саяси жүйе қайта жүктеліп жатыр. Ол өзгеріс Президенттің өзінен басталып жатыр. Президент айтқан реформалар қазір біртіндеп өмірге ене бастады.

Қасым-Жомарт ­Кемелұлының «Президент 7 жылға сайланады әрі бұл Ата Заңға енген бап енді өзгермейтін болады. Бір адам билікте ұзақ отыруға болмайды» деген сөзін бұқара қолдап отыр. «Жаңа Қазақстан» жағдайындағы алғашқы президенттік сайлау сонысымен ерекше.

Енді Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасын ұсынады. Онда елдің осы жылдарда даму, өркендеу мүмкіндіктері белгіленеді. Халық осының бәрін көріп, біліп, сеніп отыр. Біз де алдағы күндерден зор үміт күтеміз.

Эльмира ШАУЛЕНОВА,

Астана қаласы Полиция департаменті  баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция майоры

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button