Әлеумет

Ерекше жандарға – ақысыз көмек

Астана қаласында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға тегін көмек көрсетіледі. Онда массаж, емдік денешынықтыру, электрофорез және басқа да қызмет түрлері бар. Мамандандырылған орталық 2 жыл ғана жұмыс істейді.

– Орталық ұжымы мекеменің жұмысын қолдауға мұқтаж жандардың барлығы білсе деген үмітте, – дейді «АСТ Астана әлеуметтік-технологиялық» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Мавланова Динара Курмановна.

Тегін көмекті 29 жасар Ғабиден Байденов алады. Биыл инсульт алған. Аяқ-қолы дұрыс жұмыс істемейді. Қазір қарқынды ем алып жүр. Бар қиындық артта қалып, тәуір болып кететініне үмітті. Орталыққа келгенге дейін Ғабиден арбаның көмегімен жүрген. Бүгінде оған балдақтың өзі жеткілікті.

«Келесі апталарда балдақтан да бас тартсам деп отырмын. Домбырада тартуды үйреніп жатырмын.

Қазіргі таңда жағдайым жақсы» дейді қала тұрғыны Ғ.Байденов.

«АСТ Астана әлеуметтік-технологиялық» оңалту орталығы 2021 жылдың қаңтарынан бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қызмет көрсетеді. Келушілер массаж, емдік денешынықтырумен айналысып, моториканы дамыту, ән айту, сурет салу, жүзу, сондай-ақ атпен жүруді үйренеді.

«Өзіңді үйде жүргендей сезінесің. Қызметкерлердің қарым-қатынасы ерекше. Бізге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, әдетте қоғамның назары жетпей жатады. Ал мұнда мүмкіндіктер барлығына ашық. Таза ауаға ұжым болып шығамыз» дейді орталықтың емделушісі Қайрат Қасымбек.

Ол соңғы 20 жыл бойы арбада отыр. Чернобыль Ардагерлер одағының қатарында бар Қайрат тіпті жұмыс істейді. Өзі секілді жандардың құқығын қорғауда алдына жан салмайды. Оның айтуынша, бұл орталық өмір сүруге деген ықыласын арттырды.

Орталықта көрсетілетін қызметтер жартылай стационарлық негізде тегін. Келушілер санына шектеу қойылмаған. Мекеме қала әкімдігі мен жеке инвесторлар тарапынан қаржыландырады.

«Менің есту қабілетім нашар. Көптеген қиындықтарды басымнан өткердім. Сондықтан бұл оңалту орталығы адамдарға көмек беру үшін ашылды» дейді «АСТ Астана әлеуметтік-технологиялық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жасұлан Жасанов.

Анықтама алу үшін телефон нөмірі: 87071815051

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button