Ел тынысыСайлау-2022

Жастарға сайлау процесі түсіндірілді

Астанада облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ қалалар мен аудандардың, қаладағы аудандардың жастар ұйымдары өкілдері үшін «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» атты үш күндік оқыту курсы өтті.

Іс-шараны Қазақстан Рес­публикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы ­Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Оқыту курсы білім алушыларда Қазақстандағы сайлау процесі туралы біртұтас түсінік қалыптас­тыруға және жастардың сайлау институтына деген сенімін арттыруға бағытталған.

Оқыту бағдарламасы екі блоктан тұрды: offline module – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Электоралдық оқыту орталығының базасында және рost-module – онлайн-чат арқылы offline module аяқталғаннан кейін 2 апта ішінде курстан кейінгі сүйе­мелдеу.

Оқытудың бірінші күні тыңдаушыларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау институты. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлау науқанын өткізу ерекшеліктері» тақырыбында шолу дәрісі ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Петров еліміздің сайлау жүйесінің дамуы және алдағы сайлау науқандарының рәсімдік ерекшеліктері туралы айтып берді.

Жас және болашақ сайлаушыларды электоралды оқыту тақырыбын Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина егжей-тегжейлі ашты.

Сайлау заңнамасының новеллалары және сайлаудың қаржылық аспектілері туралы дәрістермен ОСК аппаратының қызметкерлері сөз сөйледі.

Күннің соңында қатысушылар жастардың электоралды мәдениеті бойынша тренингтен өтті.

Екінші күні Орталық сайлау комиссиясының мүшелері мен қызметкерлері тыңдаушыларды Қазақстандағы сайлау науқандарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері, оның ішінде сайлау алдындағы үгіт әдістері, халықаралық байқаудың халықаралық қағидаттары мен стандарттары, ұлттық байқау, мүгедек адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету шарттары және т.б. туралы ақпараттандырды. Спикерлер ретінде ОСК мүшелері Асылбек Смағұлов, Анастасия Щегорцова, ОСК қызметкерлері және шақырылған сарапшы ­Қ.Байменова болды.

Күннің екінші жартысында тыңдаушылар электоралдық кампаниялар кезінде фактчекинг және ақпараттық технологиялар негіздері бойынша тренингтермен айналысты.

Курстың соңғы күні жас сайлаушылардың құндылық бағдарлары мен мінез-құлық үлгілері бойынша өткізілді.

Күннің соңында әр қатысушыға курстан өткені туралы сертификат берілді

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button