Білім

Жаңа формат, жаңа талаптар

Жаймашуақ жаздың соңғы айында Қазақстанның барлық өңірлерінде дәстүрлі тамыз конференциялары ұйымдастырылып, панельдік сессия­ларда педагогтар мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудің, балалардың құқықтарын қорғаудың және білім беру сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылады. Жаңа талаптар қойылды. Оқыту жаңа форматқа көшті.

Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің педагогтеріне арналған «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» атты тамыз конференциясындағы «Диалогтық алаң» жұмысына Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының өкілдері, колледж директорлары, әлеуметтік серіктестік өкілдері қатысып, техникалық және кәсіптік білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында білім мен бизнестің интеграциялық өзара әрекеттесуі, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын  тиімді  басқару мәселелері бойынша пікір алмасты.

Педагогикалық коучинг-сессиялардың жұмысы бағытталған мақсатты тобына қатысты «Оқу-әдістемелік жұмыстағы менеджмент», «Кәсіптік білім берудегі трендтер мен талаптар», «ХХІ ғасырда педагогтің дағдылары», «Белсенді тәрбиелік технологиялар» тақырыптарында ұйымдастырылып, «Білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК YouTube каналында тікелей эфирде жүзеге асырылды.

Секциялық жұмыстар барысында «Talap» КЕАҚ президентінің міндетін атқарушы Татибеков Санжар, «Астана» IT University құзыреттілік және шеберлік орталығының директоры Сапар Тоқсанов, КЕАҚ «Talap» WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының басшысы Ринат Гасимов, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл аудандық ювеналды полиция бөлімінің бас­тығы, полиция майоры Алмагүл Исмагулова,  «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қолдау бөлімінің басшысы Гульмира Капанова, «Астана» халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінің пәндік циклдік төрайымы Назым Толекова, Білім беруді жаңғырту орталығының «Тәрбие және тұлғаны дамыту» бөлімінің әдіскері Анар ­Назарбаева, әлеуметтік серіктестік өкілі, Қазақстан Республикасының лифт компанияларының заңды тұлғалар қауымдастығының басшысы Нұрлан ­Құттыбаев,  «Астана Профи» колледжі директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары  Әсел Ахметова астаналық колледж педагогтеріне «ментворкинг» әдісі арқылы өзі үздік меңгерген дағдыларымен алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Педагогикалық коучинг-сессиялар барысында колледж оқытушылары педагогикалық тәжірибені жетілдіруде сандық технологияларды пайдалану дағдыларының озық үлгілерімен, педагогке ХХІ ғасырда қажетті hard slills, soft skills, self skills маңызды дағдыларын меңгеру жолдарымен танысты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіби стандарттарына, жұмысшы мамандықтарын танымал етуге және кәсіби маманды дамытуға бағытталған «WorldSkills» кәсіби стандартына негізделген білім беру бағдарламаларын құрастыру мәселелеріне,  студенттермен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың  құндылық-мотивациялық бағыттылығына қатысты мәселелер қарастырылды. Әр секциялық жұмыс соңында «Білім беруді жаңғырту орталығының» техникалық және кәсіптік білім бөлімінің әдіскерлері тарапынан 2021-2022 оқу жылындағы атқарылған жұмыстары жайында талдау мен перспективалар туралы есеп ұсынылды, жаңа оқу жылының басымдықтары мен негізгі міндеттері айқындалды.

Нұр-Сұлтан қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының Тамыз конференциясындағы көрмесі бес бағыт бойынша ұйымдастырылды: «Кәсіптік білім. Болашаққа қадам» «Жаһандық техникалық құзіреттіліктер», «Әлеуметтік инфрақұрылымға қосқан үлес», «Сандық трансформация», «Салауатты тамақтану трендтері», «Студенттердің авторлық жұмыстары».

Бақыт СЕЙДАХМЕТОВА,

 «Білім беруді жаңғырту орталығының» әдіскері

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button