Қала мен Сала

Жеке сектор газбен жылынады

Елорда әкімдігі 2020 жылдан бастап тұрғын үй алаптарын газдандыруды бастады. Газ тарату желілерінің құрылысы үш кезекке бөлінген.

– 2021 жылы газдандырудың бірінші, сондай-ақ ішінара екінші кезегінің құрылысы аяқталды. Екінші және толық үшінші кезектің қалған бөлігі бойынша жұмыстар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2022-2024 жылдарға жоспарланған, – деп атап өтті Бағдат Байсадықов.

Осылайша, «Көктал», «Көктал-2», «Агрогородок», «Железнодорожный», «Промышленный», «Оңтүстік-Шығыс» (оң және сол жағы), «Күйгенжар», «Мичурин», «Интернациональный» тұрғын алаптарында, сондай-ақ Потанин көшесі ауданындағы қаланың ескі бөлігінде тұтынушыларды қосу қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, 15 әлеуметтік нысанда газды іске қосу бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, № 19, 57, 20, 40 мектептер, «Мейіржан», «Меруерт», «Тұлпар» балабақшалары, «Аққанат» бөбекжайы, фтизиопульмонология орталығы және төрт көппәтерлі тұрғын үй газға қосылды.

Бүгінгі күні қала бойынша 6 мыңнан астам техникалық шарт беріліп, 50 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Елордада 650 шақырым газбен жабдықтау желісінің құрылысы аяқталды. 5,3 мың үй газға қол жеткізумен қамтамасыз етілген, халқының саны шамамен 200 мың адамды құрайтын 14 мың абонент. ЖЭО-1, ЖЭО-2 13 қазандығы газға ауыстырылды. Ағымдағы жылы ЖЭО-1-де тағы 3 энергетикалық қазандықты ауыстыру жоспарлануда.

Бүгінде аудандық «Тұран» ТК және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», өндіріс ТМ қазандықтарына газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізілуде.

Жалпы, тұрғын үй алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға ауыстыру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға дейін төмендетуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды барынша азайтады.

Тағыда

Гүлбаршын Өкешқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button