Ел тынысы

Жеңіл-желпі қарауға болмайды

Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың алдағы ­Президент және Парламент сайлаулары өтетіні туралы өз Жолдауында жария еткеннен кейін қоғамда осы саяси оқиғалар қызу талқылауға түсіп жатыр.

Халық бұл саяси шаралар «Жаңа Қазақстанның» айқындалған бағыт-бағдарына тың серпін беретініне сенім артып отыр.

Мен де осы елімнің азаматы ретінде балаларымның келешегі үшін өз таңдауымды жасайтыным сөзсіз. Бұл саяси науқанға жеңіл-желпі қарауға болмайды, өйткені мемлекеттің келешегі барша қазақстандықтардың таңдауына байланысты болатыны анық. Сондықтан конституциялық реформаның іске асуының арқасында сайлау науқаны да барлық заң талаптарын сақтай отырып жүргізілетініне сеніммен қараймын.

Соңғы жылдардағы өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттің саяси құрылымының жаңа үлгісін қалыптастырып отыр. Өз басым елдегі саяси жүйені өзгертудің мән-маңызын жақсы түсінемін.

Президенттің халыққа Жолдауында айтылған Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынуы ел арасында қызу қолдау тапқаны сөзсіз. Олай дейтінім, әрбір баланың шотына түскен қаражат, елдігіміздің болашағына салынып жатқан құнды капитал, өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік беретін игілік деп білемін. Сондай-ақ алдағы жылы 100 мың жасты жұмысқа орналастыру, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетуді жалғастыру да әлеуметтік өзекті мәселе саналады. Осының бәрі айналып келгенде, саяси реформалардың жүзеге асырылуымен астасып жатыр.

Біле білсек, Мемлекет басшысы бүкіл саяси жүйені өзгертуді өзінен бастап отыр. Яғни, мемлекеттік құрылымдағы реформалар жаңа ережелер бойынша жүргізіледі.

Түптеп айтқанда, бұл сайлау – елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформаларды іс жүзінде жүзеге асыру бастамасы болып табылады. Сондықтан да отандастарымды ­Президент сайлауына белсенді қатысуға шақырамын. Еліміздің келешегі өзіміздің қолымызда екенін терең түсінуге тиіспіз деп айтқым келеді.

Сембек ҚАБИЕВ,

Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлестігі басқармасының мүшесі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button