Денсаулық

Жолдауға қолдау білдірді

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мен медициналық ұйымдар басшылары арнайы жиында Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын талқылады.

Жиын қатысушылары ел дамуы жолында атқарылатын жұмыстар мен Жолдауда айтылған міндеттер бойынша ойларын ортаға салды және Мемлекет басшысының бастамаларын қолдайтынын білдірді.

– Мемлекет қуаттылығының бір көрінісі – жоғары сапалы медицина. Жолдауда адамдар еліміздің басты құндылығы екенін, ұлт саулығы жақсы болса ғана қоғам орнықты дамитындығы айтылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша айтылған мәселелер қашан да өзекті. Президент денсаулық сақтау жүйесін тұрақты вакциналауға дайындау қажеттігін атап өтті. Коронавируспен байланысты емес аурулардың белең алуын болдырмау керек. Пандемия жағдайында жоспарлы скринингтер мен операциялар кейінге қалдырылады. Көптеген балалар стандартты вакцинаны алмайды. Мұндай жағдайға жол бермеу қажет. Әділетті мемлекет, берекелі қоғам құруда елордалық дәрігерлер белсенділік танытып, жаңа ұсыныстардың жүзеге асырылуына ұйытқы болмақ, – деді басқарма басшысы Тимур Мұратов шара барысында. Басқарма басшысы сонымен қатар медициналық санитарлық алғашқы көмек беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан екпе алу жұмыстары мен күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге тоқталды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button