Ел тынысы

Журналистер сертификат алды

ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында еліміздің барлық өңірлерінен келген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған   «Қазақстан Республикасындағы сайлау процесі: теория және практика» тақырыбында үш күндік курс өткізілді.

Орталық сайлау комиссиясының спикерлері журналистер алдында алдағы сайлау науқандарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық және құқықтық аспектілері, сайлау ұйымдастырушыларын оқыту жүйесі, сайлау науқандарын қаржыландыру тақырыбында дәріс оқып, маңызды сұрақтарды бірге талқылады.

Жиында БАҚ-тың сайлау науқанындағы рөлі мен маңызын және сыни түсіну қабілетін қалыптастыру. БАҚ өкілдерінің білім деңгейі мен олардың сайлау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша біліктілігін арттыру көзделген.

«Орталық сайлау комиссиясы 20 қарашада өтетін ҚР Президенті сайлауы қарсаңында 11 семинар өткізуді жоспарлап отыр. Түрлі сала мамандары мен өкілдерін сайлауды ұйымдастыру және өткізу процесімен толығырақ таныстыратын боламыз. Бүгін, міне, БАҚ өкілдеріне арналған екі күндік семинар басталды. Одан бөлек, осындай семинар құқық қорғау органдары және прокуратура қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және Call орталық қызметкерлері үшін де өткізіледі. Оқыту онлайн және офлайн форматта» деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина.

БАҚ өкілдеріне арналған семинарға еліміздің барлық өңірінен 70-ке жуық адам қатысты. Семинар қорытындысында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button