Sport

Йога сабағына қатысыңыз

Нұр-Сұлтан қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 25 қыркүйек күні Триатлон паркінде «Қолжетімді спорт» жобасы аясында елорда тұрғындары үшін ашық ЙОГА сабағы өткізіледі.

Йога бойынша танымал шеберлер Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева елорда тұрғындары үшін йога сабағын өткізеді. Іс-шара 12.00-де басталады.

Бұл сабаққа барлық тілек білдірушілер қатыса алады. Сабақ аяқталғаннан кейін йога сабаққа қатысушылар арасында «Қолжетімді спорт» жобасы серіктестерінен сыйлықтар ойнатылады.

Бас жүлдеге – «Қолжетімді спорт» жобасының серіктесі, Түркиядағы жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшысы «LSA» @lifestylealanya компаниясынан курортты қала Аланияға екі адамға арналған бір апталық жолдама беріледі.

Сторизде көрсетілген сілтеме бойынша Telegram-ға  міндетті түрде тіркелу керек.

Өзіңізбен бірге йога кілемшесін алып, ыңғайлы спорттық киімде болғаныңыз жөн.

Әр қатысушы ұйымдастырушылардан футболка, қатысқаны туралы сертификат және ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button