Елорда тынысы

Кезектен тыс конференция өтті

Amanat партиясы қалалық филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы өтті.

Күн тәртібінде Amanat партиясының саяси тұғырнамасы жобасын талқылау және Amanat партиясының кезектен тыс XXIV съезіне делегаттар сайлау мәселелері қаралған бұл конференцияға Amanat партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов, елордалық филиалдың атқарушы хатшысы Берік Жәкенов, Қоғамдық кеңес төрағасы Зулфухар Ғайыпов, Астана қаласы мәслихатындағы Amanat партиясы фракциясының жетекшісі Азамат Айтхожин және қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен қала әкімдігінің бөлімдері қатысты.

Конференцияны басқарып, жүргізген елорда әкімі Алтай Көлгінов саяси тұғыр­нама жобасының маңыздылығын атап өтті. «Жаңа Саяси тұғырнама партия мүшелері, депутаттар, сарапшылар, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, азаматтық белсенділер қатысып нау­рыз айынан бері бірлесе талқылап, пікірталастың нәтижесінде қайта  құрас­тырылған. Жаңа тұғырнама «Әрбір адам лайықты білім мен медициналық көмек алуға, жеке қауіпсіздігінің қорғалуына, ыңғайлы әлеу­меттік орта мен жайлы үйде тұруға құқылы» деген қағиданы ұстанады. Тұғыр­нама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы барлық бастамаларын, береке-бірлікпен, шынайы ниетпен, бірлесе іске асырудың құралы болары сөзсіз» деді қала әкімі.

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Мұхтар Еркетаев Amanat партиясының Саяси тұғырнама жобасының басты маңызына тоқталып былай деді: «Тұғырнама үш нәрсені арқау етті. Ол Адам – Қоғам – Мемлекет қағидаты. Осы үш мәселе – халықтың қажетін шешетін ең маңызды платформа. Бұл – «халық үніне құлақ асатын мемлекеттің» басты ұстанымы. Біз бүгінгі күні халықтың құқығын қорғап, адам құқығын бірінші орынға қойсақ қана Жаңа Әділетті Қазақстан құрып шыға аламыз. Бүгін Саяси платформаны талқыладық, делегаттарды сайладық. Дауыс берген делегаттар ел үмітін ақтайды деген сенімдемін».

Конференция соңында дауысқа салу нәтижесінде, конференцияға қатысушылардан 130 делегат сайланды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button