Қала мен Сала

Көмірді қайдан аламыз?

Біздің қалада әзірге көмір сатумен айналысатын 14 нүкте бар. Бұл жерлерде өз қызметін 8 іске асырушы компания жүзеге асырады. Осы компаниялармен өткен жылдардағыдай, бағалар қатарынан бірнеше жыл бойы сақталып келе жатқан тығырықтардағы бағаны көтермеу туралы меморандумдарға қол қойылды.

Бұған дейінгі жылдардағы тәжірибе көрсеткеніндей, тұрғындар көмірді қазан, қараша айларында жаппай сатып ала бастайды. Бүгінде жеке сектор тұрғындарының көпшілігі газбен жылытуға ауысқаны белгілі. Ал газ­дан­дыруға қосылып үлгермегендер белсенділік танытса болады. Еске сала кетейік, қалада жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес, елордада жылу беру маусымы сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С және одан төмен болған кезде бес тәулік ішінде басталады.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының қақ ортасындағы жағдай бойынша елорда қо­рында 20 802 тонна көмір бар, оның ішінде: Шұбаркөлде – 2 656 тонна; Қаражырада – 10 623 тонна және Майкөбеде – 7 523 тонна. Қарапайым халықты көмірдің бағасы қаттырақ қызықтыратынын ескерсек, әзірге қалада Шұбаркөл көмірінің тоннасы – 13 800 теңге, Қаражыраның тоннасы 14 500 теңгеден және Майкөбенің тоннасы 12700 теңгеден сатылып жатыр.

Мамандардың мәлімдеуінше, биыл да тұрғындар көмірден таршылық көрмейді. Бұл ретте Астанадағы көмір тұйық­тарының нақты ме­кенжайын төменде на­зар­ларыңызға ұсы­нуды жөн көрдік.

Астанадағы көмір тұйықтарының мекенжайы:

Алматы ауданы бойынша

Жабаев көшесі, 76, «Шұбаркөл» (22 ваг.), «Қаражыра» (22 ваг.)

40-шы («Кеңмарт» СҮ артында), «Қаражыра» (10 ваг.), «Майкөбе» (10 ваг.)

Байқоңыр ауданы бойынша

Жұбанов көшесі, 37, «Қаражыра» (23 ваг.), «Майкөбе» (23 ваг.), «Шұбаркөл» (23 ваг.) Мақат көшесі, 40, «Шұбаркөл» (16 ваг.), «Қаражыра» (16 ваг.), «Майкөбе» (16 ваг.) 85-көше, 9/1 құрылыс, «Қаражыра» (3 ваг.) Дулатов көшесі, 182/1, «Майкөбе» (3 ваг.)

Сарыарқа ауданы бойынша

Герцен көшесі, 4/1, «Қаражыра» (12 ваг.), «Майкөбе» (12 ваг.)

Герцен көшесі, 6/2, «Майкөбе» (12 ваг. ), «Шұбаркөл» (12 ваг.) Герцен көшесі, 6б, «Майкөбе» (16 ваг.)  Көктал ТМ, 28/1, «Шұбаркөл» (18 ваг.), «Майкөбе» (18 ваг.), «Қаражыра» (18 ваг.) Дулатов к-сі, 182/1, «Қаражыра» (3 ваг.), «Майкөбе» (3 ваг.)

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button