Қала мен Сала

Көмір қоры жеткілікті

Астана қаласында 14 көмір сату орыны жұмыс істейді.

Көмір сататын орындар тиісті инфра­құрылыммен және тиеу-түсіру техникасымен толық жабдықталған. Көмір сатуды 8 компания жүзеге асырады.

Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу кезеңінде көмір сатушылардан 463 мың тоннадан астам көмір мөлшерінде өтінімдер ресімделді. Бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында тамыз айында барлық компаниялармен көмір құнын бекіту туралы тиісті меморандумдар жасалды.

109 нөмірі бойынша «Қауырт желі» жұмыс істейді, онда тұйықтықтағы (тупик) көмірдің қоры, бағасы және бар-жоғы туралы білуге болады.

Көмірдің орташа бағасы өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр:

Шұбаркөл көмірі тоннасы – 13800 тг;

Қаражыра көмірі тоннасы – 14500 тг;

Майкөбе көмірі тоннасы – 12700 тг.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button