Әлеумет

Көп болып қарсы тұрайық

Жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар ­түйткілді мәселеге айналып отырғаны шындық.

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипатына іскерлік тән болса, бұл жолда жетістігіміз жетерлік. Осы жаңа қоғамның алға қарай жылжуында шешімі күрделі мәселелер де бар. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімін таппай тұрған мәселе ол – сыбайлас жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілетін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. Тиісінше адамдардың қоғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсерін тигізетіні сөзсіз.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мәдениетті қалыптас­тыру бойынша халық арасында әртүрлі форматта шаралар өткізілуде. Азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдарға талдау жұмысы бойынша тұрғындармен кездесу өткізіліп тұрады, мемлекеттік органдардың бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі шешімдерді қолдау және іске асырушының ақпараттық ашықтығы қамтамасыз етілген. Бұл жоспарланған шаралардың бір парасы ғана. Қоғам тарапынан осы зұлымдықпен күрес бағытында жолданған ұсыныс пікірлері де зерделеніп, басшылыққа алынады.

Ел ертеңі үшін, болашақ ұрпақ алдында еңсемізді бек көтеріп жүре алуымыз үшін жемқорлық індетімен белсене күресіп, түп тамырымен жою қажет.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте мемлекеттік қызметшілерге де артылатын жүк ауыр. Мемлекеттік қызметшілердің атына кір келтіретін әрекеттерден әркімнің де аулақ болғаны жөн. Сыбайлас жемқорлыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады. Оларға біздің арамызда да, қоғамда да орын жоқ.

Қоғамның барлық күш-­жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалын қолдану арқылы ғана адамзат баласына жат құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

Ғалымжан АМАНТАЙ,

Астана қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button