Қала мен Сала

Машина жасау технологиясын үйретеді

Елордадағы Техникалық колледжде «Машина жасау технологиясы» бағыты бойынша құзірет орталығы ашылды. Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыевтың айтуынша, бұл орталық колледждегі білім сапасын жақсартып, жұмыс берушілер тарапынан оқу орны түлектеріне деген сұранысты арттырады.

Басқарма басшысы оқуды бітіргеннен кейін түлектерді өндірісте қайта оқытуға мәжбүрлік болмауы керектігін алға тартты. Сондай-ақ ол елордадағы осындай оқу орындары жұмыс берушілермен ынтымақтастыққа қашан да дайын екенін жеткізді. «Біз қазіргі таңда 143 қысқа мерзімді оқыту курстары бойынша бағдарлама әзірледік, біздің колледждер жұмысшы мамандықтары бойынша біліктілікке қол жеткізе отырып қалауыңа қарай сапалы білім беруге дайын» деді ол.

Колледждің оқу-өндірістік жұмыстары бойынша колледж директорының орынбасары Досымбай Әбдірахманов бұл орталықтың ашылуы жұмысшыларды машина жасау технологиясы бойынша оқыту және қайта даярлау, даярлауға мүмкіндік беретінін айтты. Назар аударарлығы, бұл орталықта тек колледж студенттері ғана емес, халықтың өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша ересек азаматтар да оқи алады және оларға да сертификаттар беріледі.

Азамат Есмұханов басшылық ететін «Астана технологиялық орталығы» ЖШС аталған колледжбен үш жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. «Біз осы колледж студенттерін жұмысқа алдық. Олар әлі күнге бізде жұмыс істеп жүр. Колледжге алынған германиялық станоктар әлемдегі ең үздік жабдық саналады, олар өте сапалы. Оларды сатып алғанда мен техникалық кеңес бердім. Бұл студенттердің тәжірибедегі білімін арттыра түсері сөзсіз» деді ол.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button