Қала мен Сала

МИБ-тің артықшылықтары қандай?

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында болып жатқан өзгерістер қарапайым пәтер иелерін қатты алаңдатып отыр. Кондоминиумды басқарудың әдеттегі нысандарының орнына мүлік иелерінің бірлестіктері құрыла бастағалы бері оларды толғандырған сұрақтар аз емес. AMANAT партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өткізген кездесу барысында дәл осы мәселелер кеңінен сөз болды.

МИБ төрағалары мен тұрғын үй орталығының өкілдері қатысқан іс-шара барысында орталық мамандары тұрғын үй қатынастары және көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару бойынша негізгі сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ қонақтарды орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен таныстырды.

ПИК пен МИБ-тің айырмашылығы да, артықшылықтары бар. Кездесуге қатысқандар осы мәселені жан-жақты талқылап, іс-шара барысында астаналық МИБ төрағалары оң тәжірибелерімен бөлісті.

Жалпы, бас қалада меншік иелерінің орталығы 2020 жылдан бастап жұмыс істейді. Ведомство қала тұрғындарына көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау бойынша сұрақтарға жауап іздеуде және МИБ құру мен тіркеу үшін құжаттарды дайындауға көмек көрсетеді. Сонымен қатар, кездесуде ведомство мамандары өз жұмыстарын «бір терезе» форматында көрсетті. Сонымен қатар, мүлік иелерінің жайлылық деңгейін арттыру үшін тұрғын үйлер аумағында күрделі жөндеу және басқа да бірқатар іс-шараларды жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді.

– Біз үшін, жалпы астаналық МИБ орталығы үшін бүгінгі іс-шара өте үлкен және маңызды, өйткені біз тым жас ұйымбыз. Соған қарамастан елімізде жүргізіліп жатқан реформаны жүзеге асыруға атсалысудамыз. Біздің мамандар бүкіл қалаға өз нысандарында МИБ құруға, құжаттарды дайындауға және басқаларға көмектеседі. МИБ орталығының, тұрғын үй орталығының және басқа да ведомстволық бағынысты ұйымдардың күшімен 1000-нан астам жиналыс өткізілді. Бүгінгі таңда меншік иелері біздің осы базамызды пайдалана алады. Сонымен бірге партиялық бақылау комиссиясына біз екі жыл ішіндегі жұмысымыздың нәтижелерін таныстырдық, ал ең бастысы, бухгалтерияны ашық жүргізуге мүмкіндік беретін электрондық құжаттама енгізілген ең табысты қалалық МИБ-тердің төрағаларын ұсындық. Олардың оқудан сәтті өтіп, емтихан тапсырғанын және енді тек төраға ғана емес, басқарушы да бола алатынын атап өткім келеді, – деді Астана қаласындағы МИБ орталығының жетекшісі Гүлвира Әбетова.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық реформасының басты мақсаты негізінде нақты көппәтерлі тұрғын үйдің ақша қаражатының қозғалысы, яғни үй бюджеті бойынша ашық рәсімдерді құруға қол жеткізілетіні туралы баяндай келе, МИБ орталығының жетекшісі осылайша, қатысушылар үшін үйді күтіп ұстау мәселесі де, сол сияқты әрбір нысанды басқару мен оған сатып алынатын материалдар мен жұмсалатын қаржы көлемі де ашық болатынын айтты.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button