#Жаңа Қазақстан

Нақты тапсырмалар жүктелді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында әр сала бойынша айқын бағыт-бағдар көрсетіліп, нақты тапсырмалар жүктелді.

«Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді. Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек» дей келе, Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіп, мемлекет тарапынан кедергілерді алып тастау керегін айтты. Бұл – өте дұрыс шешім. Өйткені бизнесті жаңа бастаған кәсіпкерлерге бірінші кезекте қолдау қажет екені рас.

Мен осыдан сегіз жыл бұрын «Бизнестің жол картасы» арқылы тиімді шартпен несие алып, өз кәсібімді бастадым. Қазіргі кезде көп адам бизнеспен айналысып жүр. Олардың әрқайсысы Президенттің Жолдауында айтылғандармен толық келіседі. Өйткені Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қолдап, олардың ісін жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.

Мәдина ӘЖІКЕНОВА,

Астана қаласы мәслихатының депутаты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button