Sport

Новак Джокович келеді

«Үлкен дулыға» турнирінің 21 мәрте чемпионы, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Новак Джокович Қазақстан теннис федерациясының арнайы шақыртуымен Астанада 1-9 қазанда өтетін ATP 500 турниріне қатысады.

Бүгінгі таңда сербиялық спортшы Лондонда өтіп жатқан Лэйвер кубогына қатысуда. Осы жарыс аяқталысымен Новак Джокович Астанаға келеді.

Сонымен қатар Astana Open додасында «Үлкен дулыға» турнирінің әр жылғы чемпиондары Карлос Алькарас, Даниил Медведев, Марин Чилич, Станислас Вавринка және Энди Маррей өнер көрсетеді.

Сондай-ақ жұптық сында да ең үздік теннисшілер бәсекеге түседі.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button