Басты ақпаратБілім

Оқу жылы қалай ­қорытындыланды?

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында «Оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» тақырыбында Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Серік Әділбаев брифинг өткізді.

11-сыныпты 9539 түлек аяқтайды

Барлық білім беру ұйымында сабақ 2023 жылдың 31 мамырында аяқталады. Ағымдағы оқу жылында 9-сыныпты 18443 оқушы, 11-сыныпты 9539 түлек аяқтайды. 9 (10)-сыныптың қорытынды емтихандары 2023 жылғы 2-13 маусым аралығында, ал 11 (12)-сыныптың білім алушылары үшін мемлекеттік емтихандар ағымдағы жылдың 5-19 маусым аралығында өтеді. 9-сынып білім алушылары емтиханды 4 пән бойынша тапсырады:

– қазақ, орыс тілдері (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан 2 маусымда, математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан 6 маусым күні өтсе, орыс тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан 9 маусымда ұйым­дастырылады.

– таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан 13 маусымда өтеді.

11-сыныптың оқушылары үшін бітіру емтихандары ағымдағы жылдың 5-19 маусым аралығында бес пән бойынша, 5 маусымда оқыту тілдеріне қарай қазақ тілі, орыс тілі пәндері бойынша жазбаша емтихан болса, 8 маусымда алгебра және анализ бастамалары пәні бойынша жазбаша түрде тапсырады.

Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан 12 маусымда өтсе, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтихандар 15 маусымда өтуі жоспарланған.

Түлектер 19 маусымда таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шет тілі (ағылшын/француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан тапсырады.

11-сыныптың емтихан материал­дары әрбір білім беру ұйымына электронды форматта бірінші басшының электронды поштасына емтихан өткізілетін күні сағат ­7:00-де жіберіледі.

Жазғы демалыс қалай ұйымдастырылады?

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру ерекше бақылауда. Астана қаласының әкімдігі жазғы каникул – демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді пайдалану жұмысы биыл екі бағыт бойынша жүргізілетінін айтты. Біріншісі – балаларды және жасөспірімдерді сауықтыру, екіншісі – демалыс және жұмыспен қамту бағыты.

Ағымдағы жылдың жазғы кезеңінде жазғы демалыстың барлық түрімен 197869 оқушы немесе 1-10-сынып оқушыларының жалпы санының 98 пайызы (186184, 11-сыныпты есептемегенде) қамтылады. 85 білім беру ұйымдарында бастауыш сынып балаларына арналған мектеп жанындағы лагерлер ұйымдас­тырылады (88355 бала).

«Арман» және «Боровичок» спорт-сауықтыру лагерлерінде 2800 бала, оның ішінде 2050 жетім және көпбалалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар демалады.

Астана қаласында 96 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп бар. Жазғы шомылу кезеңінде кәмелетке толмағандар арасында жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Астана қаласының акваториясында Төтенше жағдайлар департаменті және ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп, ата-аналар мен балалар арасында тұрақты негізде түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button