Мәдениет

Сырбай ақынның сырлары

Елорданың Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай «Өлеңім – өмірім менің» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Астана қаласы Білім басқармасының жалпы орта білім берудің мазмұны мен әдістеме бөлімінің басшысы Асыл Амангелдіқызы, ақынның ұлы Қасым Сырбайұлы, немересі мен келіні,
Қостанай облысындағы ақын атындағы мектептердің басшылары, елорда мектебінде «Мәуленов мұражайын» ашуға мұрындық болған осы мектептің 2016-2021 жылдардағы басшысы Алмагүл Тлектесқызы мен мектептің тұңғыш директоры Ахмет Базыл қатысты.

Конференцияда ақынның ұлы Қасым Сырбайұлы әкесін сағынышпен еске алып, баяндама оқыса, Сырбай Мәуленовтің көзін көрген, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов пен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері Серік Тұрғынбекұлы да ақын жайлы сыр шертіп, естеліктерімен бөлісті.

Конференция соңында елорданың білім беру ұйымдары арасында ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Сырбайдың ғажап сырлары…» атты қалалық деңгейде өткізілген эстафета қорытындысы жарияланып, жеңіске жеткен мектептер марапатталды.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button