Қала мен Сала

Тазарту жұмыстары тоқтамайды

Күн сайын Есіл ауданының аумағында мыңға жуық жұмысшы мен 200-ге жуық арнайы техника қаланы санитарлық тазарту жұмыстарын жүзеге асырады.

Елорда көшелерінде жол төсемдерін жуу, қоқыс жәшіктерін қолмен тазалау, сыпыру, қоқыс шығару жұмыстары жүргізіліп, тұрғын үйлердің аулаларында аумақтар тазалануда.

Бүгінгі таңда орам­ішілік тазалауға 31 арнайы техника, атап айтсақ, тиегіштер, самосвалдар, АС машиналар, мотопомпалар, мотокостар, қол шаңсорғыштар және 156 жұмысшы жұмылдырылды.

Ауданның санитарлық тазалығына 184 техника, соның ішінде су құю машиналары, тұзақтар, тиегіштер, самосвалдар, эскаваторлар және жалпы саны 733 жұмысшы тартылды.

Мамандардың мәлімдеуінше, құрылыс қалдықтарын полигонға шығаруды тұрғындар өз күшімен жүзеге асыруы тиіс. Сондай-ақ азық-түлік қалдықтары мен нанды контейнерлердің үстіңгі жағына ілмеу керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button