Мәдениет

Таэквондошылар турнирі

Астана қаласында таэквондо спортынан балалар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды. Астана қаласы әкімдігінің қолдауы­мен өтіп жатқан жарысты республикалық және астаналық таэквондо федерациялары және елордалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы өткізуде.

Астанадағы жарысқа Қазақстан чемпионы атағын сарапқа салу үшін еліміздің барлық аймақтарынан 8-11 жас аралығындағы 1500 жасөспірім жиналды. Үш күнге созылатын жарыстың чемпиондары сәрсенбі күні белгілі болады.

Астана қалалық таэквондо федерациясының президенті Нұрлан Купешов осы чемпионатта үздік шыққан спортшылар республика құрамасына қабылданып, Азия чемпионаты мен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтынын атап өтті.

Қазақстан біріншілігі 8-9 жастағы балалар арасындағы іріктеу жекпе-жектерімен басталды. Жеңіске жеткендер ертең жүлделі орындарға таласатын болады. Сонымен қатар 10-11 жастағы балалар да татамиге шығып, бақтарын сынайтын болады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button