Мәдениет

Франция музыка кеші

Елорданың Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында «Франция музыка кеші» концерті өтті.

Кеш бағдарламасында Жорж Бизе, Морис Равель, Клод Дебюсси, Шарль Гуно, Жюль Массне, Шарль Кеклен, Эдуар Лало жəне Франсис Пуленк сынды атақты француз композиторларының ең танымал вокалдық шығармалары орындалды.

Кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, музыкант Саида Қалықова (фортепиано), «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Алтынбек Əбілда, халықаралық байқаулардың лауреаттары Əйгерім Аманжолова, Талғат Аллабиринов, Алтынбек Арыс­танбек, Фируза Рахметова өнер көрсетті. Концертмейстер – ­мəдениет саласының үздігі Роза Шотқалиева.

 Баян Асылбекова

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button