Елорда тынысы

Шағын ауданның мәселесі шешіледі

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Шағын аудан тұрғындары кездесуде өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ жүздесуде қос тарап ауданның алдағы уақыттағы дамуын талқылады.

Тұрғындар әлеуметтік нысандар (мектептер, балабақшалар, медициналық орталықтар) құрылысы, кәріз, үй құжаттарын рәсімдеу, қосымша автобустарды іске қосу, жылы аялдамалар орнату, аулаларды, тротуарларды абаттандыру, интернет желісін тарту және өзге де мәселелерді көтерді.

«Осыған дейін «Нұр бесік» шағын ауданының тұрғындары ең маңызды мәселелерді көтерді, қазір оның басым бөлігі шешілді. Мәселен, шағын ауданда бірінші кезекте ауызсу, кәріз, жарықтандыру, газдандыру, жол және т.б. мәселелер шешілуі тиіс болатын. Шағын ауданда сумен жабдықтау желілері (ауызсу жүргізу мәселесін шешті), электрмен жабдықтау, тұрмыстық және нөсер кәрізі, газ тарату желілері салынды. Мұндағы үйлердің жартысынан көбі көгілдір отынға көшірілді, көшелерді жарықтандыру жүргізілді, 14 көшенің 13-і асфальтталды, аулалар абаттандырылды, аялдамалар орнатылды және тағы басқа жұмыстар атқарылды» деді қала басшысы.

Ол тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді ескере отырып, аталмыш шағын ауданда мектеп салу, қоғамдық орындарды абаттандыру іс-шаралары жоспарға енгізілгенін, ал балабақша құрылысы бойынша инвесторлар тартылатынын жеткізді. «Бұдан бөлек, қала тұрғындары тығыз қоныстанған Сарыарқа ауданында медициналық орталықтар саламыз, интернет желісін тартамыз және тағы басқа іс-шараларды жүзеге асырамыз. Бұл жолғы кездесуде қозғалған проблемаларды шешу мәселесін қолға алдық, оны орындау кестесін жасаймыз» деп түсіндірді А.Көлгінов. Елорда әкімі елді мекендерді дамыту мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында тұрғанын мәлім етті.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button