Елорда тынысы

Шығыстың күзгі сыйы

Бас қаладағы жәрмеңкеде Шығыс Қазақстан және Абай облысының дала еңбеккерлері 282 тонна ауыл шаруашылығы өнімін ұсынды.

«Астана Арена» стадионының жанындағы алаңда ауыл шаруашылығы өнімінің 70-тен астам түрі ұсынылды. Қала тұрғындары картоп пен көкөніс, ет пен балық, құс еті, шұжық өнімдері, күнбағыс майы, бақша дақылдары, сүт өнімдеріне қызығушылық танытты. Жәрмеңке сөресінде балдың бірнеше түрі қолжетімді бағада сатылды.

Астана қаласының тұрғындары әр облыстың брендіне айналған өнімдерге басымдық беріп, қысқа қажетті өнім түрлерін алуда.

– Елдің шығысы келетінін естіп, бал алуға бола келдім. Зайсан көлінің балығын да алдым, – дейді елорда тұрғыны Жанар Сәрсенбаева.

Жәрмеңкеге ұсынылған барлық өнімнің шығу тегі мен тиісті сапасын растайтын құжаты бар. Сондықтан тауардың сапасына алаңдауға негіз жоқ.

Зайсаннан келген сатушы Еркебұлан­ның сөзінше, 7 тоннаға жуық балық әкелді. Соның ішінде 10-12 келілік сазан балығы болды. Елордалықтар балықтың саудасын қыздырып, бірнеше сағатта-ақ тауысыпты.

8-9 қазан аралығында Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облысының дала еңбеккерлері жәрмеңке алаңында өз өнімдерін шығарады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button