Денсаулық

Қазақстанда тұмаудың үш штамы таралады

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанда тұмаудың көп таралатын штамдарын атады. Оның айтуынша, елде тұмау вирусының таралуы жыл сайын қараша айында басталып, сәуір айының ортасына дейін жалғасады. Алдағы эпидемиялық маусымда ДДҰ деректері бойынша вирустың A (H1N1), A (H3N2) және В штамдары өзекті болады, олар 2022/2023 эпидемиялық маусымға арналған вакцинаға енгізілген.

Ол өткен жылы ЖРВИ-мен 3,9 миллион адам ауырғанын және 2019-2020 жылдардағы эпидемиялық маусыммен салыстырғанда республикада аурушаңдық 1,3 есеге өскенін айтты. Қарағанды облысынан басқа барлық өңірлерде өсім байқалды. 80% жағдай балалар мен жасөспірімдерде кездеседі.

Бұған қоса жыл сайын айналымдағы штамдардың өзгеруі байқалады, өткен маусымда тұмау вирусының 2 штамы: А (H3N2) және В таралды, барлығы 915 тұмау жағдайы анықталды, секвенирлеу нәтижелері бойынша бұл штамдар вакцина штамдарына сәйкес келді.

Қазақстанда тұмаудан басқа, тұмау вирусына жатпайтын вирустар да таралып жатыр. Өткен маусымда барлығы 10 мыңнан астам сынама зерттелді, риновирус, РС вирусы, аденовирусты инфекция, парагрипп, метапневмовирус, бокавирус инфекциясы анықталды. Бас санитарлық дәрігер аурудың алдын алудың ең тиімді жолы екпе екенін атап өтті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button