Ел тынысы

Қаржыгер ардагерлерге құрмет

Кеше Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің ардагерлеріне Қарттар күніне орай құрмет көрсетіліп, ұлықтау шарасы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты мекеменің дамуына өз үлесін қосқан ардагерлердің еңбегін жастар арасында насихаттап, Қазынашылық комитетінің бүгінгі жаңалықтарымен, ­тыныс-тіршілігімен таныс­тыру болды.

Салтанатты шараға мекеменің дамуына сүбелі үлес қосқан 35 ардагер шақырылды. Құттықтау сөз Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы Рахат Тоқбаевқа берілді.

– Құрметті ардагерлер! Қазына­шы­лық комитетінің бүгінгі жет­кен жетістіктеріне сіздердің бас­тамаларыңыз зор ықпал етті. Сіздерге алғысымды білдіре отырып, келер мерекемен шын жүректен құттықтаймын! – деп ілтипатын білдірді.

Қаржыгер ардагерлерге алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тарту етілді. Салтанатты ­іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button