Елорда тынысы

Қарттарды құттықтады

Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов аға ұрпақты Қарттар күнімен құттықтап, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығына ­арнайы барды.

Бүгінде елордада 100 мыңнан аса зейнеткер қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, өз тәжірибелерімен алмасып, үлгі-өнеге көрсетіп келеді.

– Әр аға-буынымызға қаланың дамуына өз үлесін қосқаны үшін білдірер алғысым шексіз. Олар түрлі салада еңбек етіп, бірнеше ұрпақ тәрбиелеп, жастарға жол сілтеді.

Мемлекет азаматтарға түрлі жағдай жасауда: зейнетақы мен түрлі төлемдердің мөлшері көтеріліп, қарттарды қолдау бойынша шаралар қабылдануда және т. б. «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы зейнеткерлерге толық қызмет көрсетеді. Өз тарапымыздан қаланың әлеуметтік орталықтарын алдағы уақытта да қажетінше қолдаймыз, – деп құттықтаған әкім гүл шоқтарын ұсынып, ілтипат көрсетті.

Атап айтатыны, Халық­аралық қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас ассамблеясында бекітіліп, жарияланды. Бұл мереке елімізде жыл сайын аталып өтеді. Және оның аясында қарттарға құрмет көрсетіліп, түрлі форматтағы іс-шаралар ұйымдастырылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button