Мәдениет

Қолжетімді жаттығуға қатысты

Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен республикалық «Қолжетімді спорт» жобасы аясында ашық аспан астындағы йога сабағы өтті.

Жаппай сауықтыруға негізделген йога сабақтарына әртүрлі жастағы 250-ден аса адам қатысты. Ерекше форматта өткен шараға ниет білдіргендердің қатарында астаналықтармен бірге қала қонақтары да аз болмады. Олардың арасында зейнеткерлермен қатар мектеп оқушылары да жаттығу жасап жатты. Ал жаттығуды йоганың кәсіби мамандары – Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева жүргізді.

«Ежелгі йога білімі арқылы халықты тұрақты түрде спортпен шұғылдануға баулу, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық және рухани сауықтыру мақсатында Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Триатлон саябағында алғаш рет тегін түрде йога сабағын өткізіп отырмыз. Жексенбілік жаппай сабаққа көптеген қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Йога шеберлері қатысушыларға ежелгі өнердің негізгі тетіктерімен таныстырып, дұрыс әрі жүйелі түрде йогамен дұрыс айналысудың тәсілдерін көрсетті» дейді «Қолжетімді спорт жобасының» жетекшісі Дана Тасболат.

Спорттық шараға қатысушылар арасында жоба серіктестері сыйлықтар мен ұтыс ойынын да ұйымдастырды.

Бас жүлдеге тігілген Түркияның «LSA» компаниясының жылжымайтын мүлік жөніндегі сарапшыларынан берілген бір апталық, екі адамға арналған Анталияға саяхат жасау жолдамасы астаналық Дарын Солтанғазинге бұйырды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button