Мәселе

Құрғақ шөп тез жанады

Жыл сайын күзгі кезеңде республика аумағында күрделі өрт қауіпті жағдай пайда болады. Бұл қала мен бау-бақша, саяжай учаскелеріндегі аумақтарды жинау, сондай-ақ егін жұмысы кезеңі, бірақ бұл өрт сөндірушілер үшін күрделі кезең саналады.

Өрттің пайда болу себептерінің статистикасын талдау көптеген жағдайда адамның салғырттығынан болатынын көрсетеді. Әрине, көбіне өрттің өршуіне күннің ыстығы, әйнекпен шағылысуы, кепкен шөп әсер етеді. Бірақ өрттің негізгі себебі отты абайсыз қолдану болып табылады: сөндірілмеген от, құрғақ жапыраққа тасталған сіріңке, үйлер мен шаруашылық құрылыстарының жанында қоқыс­ты жағу, балалардың тентектігі, жеке тұрғын үй секторында, табиғатта немесе демалыста өртке қарсы талаптарды бұзу, тастанды темекі тұқылдары – осының барлығы өртке әкеледі.

Өрт елді мекендердегі ғимараттарды, электр беру және байланыс желілерін, жанатын материалдар қоймаларын зақымдап, жою, сондай-ақ адамдар мен малдың өліміне алып келуі мүмкін. Осы кезеңде кәсіпорындар, ұйымдар басшылары және жеке тұрғын үй иелері ведомстволық бағынысты объектілер мен тұрғын үйлерді өрт қауіпсіз жағдайға келтіруге, іргелес аумақтарды құрғақ шөптен және жанатын қоқыстан тазартып, оларды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз етуге, елді мекендердің айналасындағы аумақтарды шабуға міндетті.

Осы ретте Астана қаласында бірқатар іс-шара жүргізілуде. Күзгі өрт қауіпті кезеңде өртке жол бермеу өте оңай, ол үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жеткілікті.

Өз мүлкіңізді оттан сақтаңыз! Өрт болған жағдайда 101 телефонына хабарласыңыз.

Ә.БІРЖАНОВ,

Астана қаласы Алматы ауданы ТЖБ инженері,

азаматтық қорғау лейтенанты

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button