Елорда тынысы

Үздіктерді қолдайтын жоба

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Үздік» жобасы аясында даяшылар сынға түсті.

Елордадағы «Millionaire» мейрамханасында өткен іс-шараға 8 даяшы қатысып, өзара сынға түсті.

Үздіктерді анықтайтын сайысты ашқан «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының жетекшісі Шыңғыс Тілеулин:

– «Үздік» жобасы аясындағы байқаулар Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен іске асуда. Жоба аясында жеке және кәсіби қасиеттерді дамыту бойынша оқыту семинар-тренингтері, шеберлік сыныптары өткізілуде. Компьютерлік сауаттылық негізі, бағдарламалау курсы, SMM, копирайтинг, Social Media Marketing-менеджер, заманауи қоғам көшбасшысы және т.б қысқа мерзімді оқыту бағдарламасын ұйымдастырып келеміз, – деді.

Астана қаласында мейрамхана, асхана, кафе, бар жүздеп саналады. Яғни қала тұрғындары мен қонақтары ас-ауқат ішетін орталықтарға сұраныс артты. Енді сервистік қызметінің сапасын арттыру – маңызды міндет. Байқаудың негізгі мақсаты осымен үндеседі.

Бұл туралы «Millionaire» мейрамханасының шеф-аспазшысы Александр Ким:

– Бірінші қатысушылардың ыдысты үстелге қоюы бағаланады. Екіншісі, тағамды ұсыну мәдениеті, соңғысы сусынды қию немесе ұсынуын қараймыз, – деп түсіндірді.

Қатысушылар арасында 14-25 жас аралығындағы жастар болды. Ең жас қатысушы 14 жастағы Диана Азатова болды. Ол №62 мектепте 9-сыныпта оқитынын, ата-анасының рұқсатымен сенбі, жексенбі күні «Меруерт» банкеттік залында жұмыс істейтінін айтты.

Ал тәжірибелі даяшы Максим Сорокин:

– 25 жастамын. Бұл саладағы тәжірибем – 7 жыл. Кешкі сағат 19.00-ден таңғы 05.00-ге дейін жұмыс істеу кезінде жұмыстың қиындығымен қатар қызықты сәттері көп болады, – деді.

Тағыда

Нұрлат Байгенже

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button