Елорда тынысы

Үлескерлер ұпайы түгенделуде

2019 жылы елордада 52 проблемалық нысан болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 20 үйдің проблемасы шешілді. Бұл – 2700 үлескер. 2021 жылы 8 нысан құрылысы аяқталып, 7 мыңдай үлескер баспаналарына ие болды. Осы жылдың соңына дейін 11 нысандағы қалған 40 үйді аяқтау жоспарланған. Бұл – шамамен 3 мың үлескер. Қазір қалған проблемалық нысандарда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Астана қаласы мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының үлескерлік құрылыс мәселелеріне арналған отырысында бұл туралы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Дәулет Досқұлов айтты. Ұзаққа созылған құрылыстарды аяқтау жұмысы жайында өкілетті орган «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры Руслан Қадесов толығырақ баяндады.

– 2021-2023 жылдары 10528 үлес­керді құрайтын проблемалы 33 нысандағы 170 үйдің құрылысын аяқтауды жоспарладық. Қазір құрылысты аяқтау мерзімі кешіктіріліп жатқаны туралы көп ескерту айтылып жатыр. Сол үшін мынаны айтқым келеді: кейбір нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасы болмады; кей үйдің қаңқасы ғана тұрды. Біз жұмысты қабылдағанда алдындағы құрылыс салушының кемшіліктері анықталды. Оларды жөндеуге тура келеді. Оған да қаншама уақыт кетеді. Құрылыс материалдарының қымбаттауы да нысандарды пайдалануға беру мерзіміне кері әсерін тигізді. Бір айта кетерлігі, жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізу барысында құрылыс жұмыстары тоқтайды. 2023 жылы қалған 11 нысанды аяқтау жоспарланды. Бұл – 2026 үлескер, – деді Руслан Қадесов.

Қалалық мәслихат хатшысы Ерлан Каналимов үлестік құрылыс мәселесі өте маңызды екенін айта келе, бұл туралы Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасында да айтылғанын, жергілікті бюджеттен оған қомақты қаржы бөлінгенін атап өтті.

– Үлескерлер мәселесі 2023 жылға дейін шешілуі тиіс еді. Жыл аяқталуға жақын. Алайда объективті және субъективті себептерге байланысты биыл бірқатар проблемалық нысандар аяқталмай қалатын болды. 2019 жылы 14500 үлескер болған. Үш жылда 11 мың үлескердің мәселесі шешілді. Сонда 3500 үлескер қалды, – деген хатшы қалған 7 тұрғын үй кешені бойынша жүретін жұмыстар кестесі бар ма деп сұрады. Несие желілерін қайтарудың қаржылық моделіне көзқарасын жеткізді. Пайдалануға берілген проблемалы нысандардың инженерлік инфрақұрылымына да мұқият болу керектігін айтты. Кейбір үлескерлер қалалық мәслихатқа шағымданғанын айтып, соның ішінде «Болашақ баспана» тұрғын үй-құрылыс кооперативі жұмысы туралы сұрады. Vaikų stovyklos, Chemijos, biologijos, matematikos, lietuvių kalbos korepetitoriai, anglų kalbos pamokos https://intellectus.lt/

Руслан Қадесовтің мәлімдеуінше, осы жылдың желтоқсан айында 1500 үлескер пәтерлерінің кілттерін алады. Ал келесі жылдың бірінші тоқсанынан қалған 2 мың үлескерге баспаналары беріле бастайды.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button