Мәдениет

Астанада – аламан бәйге

Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Қазанат» атшабарында республикалық деңгейде аламан бәйге өтті. Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 20 млн теңге.

Аламан бәйгенің ашылу салтанатына Астана ­қаласы ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлері федерациясының президенті Ерлан Каналимов, Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдас­тығының президенті Исламбек ­Салжанов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.

«Шараны ұйымдастыруға атсалысқан ұлттық және олимпиадалық ат спорт түрлері федерациясы мен Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығына алғысымды білдіремін. Еліміздің 20 өңірінен келген 100-ге жуық жүйткіген жүйрік пен шабандоздарға сәттілік тілеймін» деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен бәйгенің ашылу салтанатында.

Бәйгеде 4 түр бойынша жеңімпаздар анықталды.

Құнан бәйге (7 км):

1-орын: Сұлтан Төрехан (ШҚО) – 2 млн теңге; 2-орын: Дарын Сақтабек (Қарағанды) – 1 млн теңге; 3-орын: Мейір Нұрболатов (Астана) – 500 мың теңге.

«Жорға жарыс» (7 км):

1-орын: Чубак Жайлаубеков (Астана) – 2 млн теңге; 2-орын: Шабдан Алмазбекұлы (ШҚО) – 1 млн теңге; 3-орын: Асқарбек Жеңісев (Алматы облысы) – 600 мың теңге.

«Топ бәйге» (12 км):

1-орын: Бекзат Ділдәхан (Алматы облысы) – 2 млн 200 мың теңге; 2-орын: Абдыкал Асланбек (Астана) – 1 млн 300 мың теңге; 3-орын: Рымхан Нұртілеу (Астана) – 900 мың теңге.

«Аламан бәйге» (18 км):

1-орын: Абдыкал Асланбек (Астана) – 4 млн теңге; 2-орын: Аңсар Арыстанбек (Жамбыл облысы) – 2,5 млн теңге; 3-орын: Бекзат Ділдәхан (Алматы облысы) – 1,5 млн теңге.

– Бәйгеге Шығыс Қазақстан облысынан 4 ат келген еді. Құнан бәйгеде біздің тұлпарымыз топ жарды. Өкінішке қарай, жорға бәйгеде мен мінген ат күннің ыстығына шыдамай, бұрлығып мәреге жете алмадым, – деді шабандоз Жан Қоқанбаев.

Жарыс соңында лотерея ойнатылып, сыйлық жеңімпаздары анықталды.

Жансая АБИРБЕКОВА,

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
2-курс студенті

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button