Шаһар шежіресі

Ағайынды Абдуллиндер – арқа төсінде

Екеуінің жұптасып сахнаға шығуы сән болады, зал кернеген ән болады, ажыратып алғысыз егіз әншіге елдің бәрі таң болады. Ришат «Көгаршынды» көкке өрлетіп, «Япурай»-ды теңіздей теңселткенде, Мүсілім «Зәурештің» зарын төгіп, Мәриямның Дударға махаббатын паш етеді.

1968 жылы 29 нау­рыз күні Тың игерушілер сарайында КСРО Халық әртісі Ришат Абдуллин мен Қазақ КСР Халық әртісі Мүсілім Абдуллин басқарған алматылық әртістер бригадасының концерті болып өтті (бұл – Тың өлкесіне Ришаттың төртінші, Мүсілімнің үшінші рет келуі) Ришат Абдуллин өзінің ең бір сүйікті, кәнігі нөмірі – Абайдың ариясын терең сезіммен орындап, көрермендер көңілін толқытты. Мүсілім Абдуллин халық әні «Үкілім-ай»-ды әсем нақышпен әсерлі шырқады. Ағайынды өнерпаздар әнді жеке де, қосылып та шырқады. Қазақтың тұңғыш дуэті ретінде елімізге танылған егіз әншінің бұл өнеріне көрермендер асқан ықылас танытып, қошеметке бөледі.

Ғазиза ИСАХАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button