Мәдениет

«Балалар филармониясы» ұсынады

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Балалар филармониясы» жобасы аясында жас көрермендерге қызықты мәдени шаралар ұйымдастырады. Каникул кезінде балалар жаздың бірінші айында тегін концерттер мен шеберлік сабақтарға қатысып, қазақстандық танымал әртістердің өнерге қатысты дәрістерін тыңдай алады және естелік сыйлықтар алады.

Былтыр «Балалар жылы» аясында «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 2022 жылдың қыркүйегінде «Балалар филармониясы» жобасын іске қосты. Ағымдағы жылы оны жүзеге асыру бірқатар шаралармен жалғасатын болады.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Мультфильмдер әлеміне саяхат» атты муви концерт өтеді. «Қазақконцерт» солистері атақты «Холодное сердце», «Шрек», «Алладин», «Моана» және т.б. анимациялық фильмдердегі әндерді орындайды.
2 маусымда хореографиялық өнерден шеберлік сабағы бойынша «Гүлдер» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықова мен хореограф Мөлдір Нығметова жас көрермендерге қазақ биінің дамуы мен қазіргі заманғы би өнері туралы айтып береді. Теориялық шолу аяқталғаннан кейін «Гүлдер» ансамблінің солистері көпшілікке кеңінен таралған хореографиялық би элементтерін көрсетеді.
7 маусымда «TURAN» фольклорлы-этнографиялық ансамблі «Балалар филармониясы» жобасы аясында жас музыка әуесқойлары үшін кезекті лекция-концертін өткізеді. Музыканттар балаларға виртуоздық орындаудың жоғары шеберлігін көрсетіп қана қоймай, музыкалық аспаптардың шығу тарихы туралы айтып береді.
9 маусымда мектеп оқушылары «Опера әлемінде» атты танымдық лекция-концертіне қатысуға мүмкіндік алады. Кездесу барысында музыка әуесқойлары классикалық вокалдың ерекшеліктері мен эстрадалық және академиялық ән айтудың негізгі айырмашылықтарымен таныстырады. Сондай-ақ, музыканттар көрермендер назарына бірнеше вокалдық жаттығуларды ұсынады, әйгілі мюзиклдерден ариялар мен оперетталарды және романстарды орындайды.
14 маусымда «Театр және актерлік өнер» шеберлік сабағында «ASTANA MUSICAL» театрының әртістері балаларға мамандықтың қыр-сырын айтып, әртістердің сахнада сенімді болуына көмектесетін жаттығулар мен әдістерді үйретеді. Сабақта оқушылар мимика қалай жұмыс істейтінін, өз эмоцияларын дұрыс білдіріп, оны көрерменге немесе әңгімелесушіге қалай жеткізуге және көпшілік алдында сөйлеу қорқынышын жеңуге үйренеді.
16 маусымда «ETNHO MODERN» шоу-концертінде балалар қазақтың дәстүрлі халық аспаптарының заманауи музыканы қалай өзгерте алатынын біле алады. Сахналық қойылым барысында «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблінің орындауында «Кариб теңізінің қарақшылары», «Мадагаскар», «Синий крот» және т.б. мультфильмдерден саундтректер орындалады.
21 маусымда Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің солистері жас көрермендерді классикалық музыкалық аспаптарда ойнау бойынша шеберлік сабағына шақырады. Олар мектеп оқушыларын бірлескен музыка жасаудың кейбір әдістері мен тәсілдерімен таныстырады.
23 маусымда «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының әртістері «Жетіген мен домбыраның үндесуі» атты лекция-концертте фольклор дәстүрін үйрету үшін жас көрермендерді асыға күтеді.
28 маусымда «SAZ & SOUL» вокалды-аспаптық ансамблінің солистері музыканың жылдам қозғалысы сезімін тудыратын джаз импровизациясын «Джаз дегеніміз не?» атты лекция-концертінде көрсетеді.
30 маусымда «ASTANA MUSICAL» театрының әртістері «Ғажайып мюзикл» атты лекция-концертінде сахна өнерінің қыр-сырына тоқталып, мюзикалық қойылымдардың ерекшеліктері туралы айтып береді.
Өнер әлемімен танысу жас көрермендер мен олардың ата-аналарына жарқын әсер қалдырып, жаз маусымында баршаға тамаша көңіл-күй сыйлайды деген үміттеміз.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button