Қала мен Сала

Бейбітшілік және келісім сарайы

Қазақстанның өзіндік айрықша пирамидасы 2006 жылы 2 қыркүйекте салтанатты түрде ашылды. Бейбітшілік, келісім және толеранттылық идеясы ұялаған күмбездегі 130 көгершін бірегей ғимараттың мән-мағынасын ашып, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерінің өткізілетін орны болып бекітілді.

Бейбітшілік және келісім сарайын әлемге әйгілі архитектор Норман Фостердің жобасымен «Сембол Иншаат» Түркия құрылыс компаниясы салды. Осы кешеннің ең басты ерекшелігі ғимараттың Фибоначчидің алтын қима принципіне сәйкес күрең-алтын тонда жасалып салынған. Сарайдың негізі биіктігі мен ені 62 метр болатын шаршымен қаланған. Мұнда көрме залдары, конференц-зал, қысқы бақ, 1500 көрерменге арналған концерт және опера залы бар. Сахна жанында 80 музыкантқа шақталған 2,8 метрлік оркестрлік орын орналасқан. Бейбітшілік және келісім сарайында көрме алаңдары мен конференц-залдар, жеке опера театры және панорамалық лифт бар. Негізгі баспалдақ әртүрлі көрмелер өтетін ең үлкен «Атриум» залына апарады, ал пирамиданың ең жоғарғы жағында әлемдік діндер съезі өткен «Бесік» конференц-залы орналасқан. Сарайдың 6-қабатында көрмелер ұйымдастырылатын «Құланшы» заманауи өнер орталығы орналасқан. Пирамиданың ең үлкен залы – 2000 шаршы метр ауданды алып жатқан «Хеопс атриум» мерекелік залы.

Бейбітшілік және келісім сарайы – өзіндік ерекшелігімен, сән-салтанатымен көзге түсіп қана қоймай, қазақ халқы үшін достықты, бірлік пен татулықты бейнелейтін ерекше маңызды ғимарат. Пирамида көптеген діндердің үш негізгі ұғымын бейнелейді: қара түс – жердің астыңғы бөлігін, ақ түс ортаңғы бөлігі – әлемді бейнелейді, көгілдір аспан – пирамиданың ұшар шыңы. Бейбітшілік және келісім сарайының салтанатты ашылуында әлемдік опера жұлдызы Монсеррат Кабалье ән салып, өнерсүйер қауымды тәнті етті.

Заманауи өнер орталығында әртүрлі өнер туындыларын тамашалауға, уақытша көрмеге баруға немесе отандық, шетел суретшілерімен шығармашылық кездесуге баруға болады. Жасыл террасалардың әдемі көрініс­терін тамашалауға мүмкіндік беретін ашық лифт кабинасында (және тігінен емес, диагональ бойынша) жоғары көтеріледі. Әлемнің түкпір-түкпірінде өсетін гүлдерін аспалы бақта көре аласыз. Түнде витражды күмбез ішкі жағынан жарықтандырылып, жер шарын мекендеген халықтардың мәдениеттері мен діндерінің бірлігі мен татулығы жолын көрсеткен жарық жұлдыздай жарқырайды.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button