Қала мен Сала

Бейнебақылау камералары орнатылуда

Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының, «Astana Innovations» АҚ мен «Транс­телеком» АҚ өкілдерімен өткен кездесуі барысында Алматы ауданының Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптарында бейнебақылау жүйелерін орнату әрі интернет сапасын жақсарту мәселелері қаралды.

Тамыз айының соңына дейін Железнодорожный тұрғын алабында «Сергек» бірыңғай жүйесіне біріктірілген бес бейнебақылау камерасы орналастырылады. Атап айтсақ, осы тұрғын алаптағы айналма жолда, Иманақ көшесіндегі алаң мен Ж.Жабаев көшесіндегі № 12 және № 14 үйлерде және №29 орта мектеп маңына бейнебақылау камералары орнатылады.

Сондай-ақ Промышленный тұрғын алабында тағы төрт камера пайда болады. Оларды Шалкөде көшесіндегі № 1 және № 6 үйлерде, М.Төлебаев көшесіндегі № 25 үй мен Көкжелек көшесіндегі № 2 үйде орналастыру жоспарланған.

Жалпы, аудан аумағында 6042 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Оның ішінде 213 камера қиылыстарда және үй маңындағы аумақтарда қалған адамдар көп жиналатын орындарда орнатылған.

Жыл соңына дейін кенттерде байланыс инфрақұрылымы да жаңғыртылатын болады. Онда жаңа тіректер орнатылып, талшықты-оптикалық линиялар өткізіледі.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button