SportБасты ақпарат

Дәстүрге айналған отбасылық мереке

Астана қаласындағы Триатлон саябағында өткен отбасылық дуатлонға елордалық 109 отбасы қатысты. Балалар жылына арналып өткізілген бұл жарысты Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қалалық Дене шынық­тыру және спорт басқармасы ұйым­дастырды. Бұл сайыстар шын мәнінде отбасылық беріктікті, жеңіске деген жігерді, керемет қуанышты сәттерді көрсеткен іс-шара болды

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынық­тыру  және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын серік еткен әрбір отбасына алғысын білдірді.

– «OTBASY DUATLON 2022» дәстүрге айналды. Биыл алтыншы рет өткізіп отырмыз. Жарысқа қатысуға ниет білдірген отбасылар едәуір артты. Келер жылы 5-6 жастағы балаларды қоспақшымыз. Жарысқа қатысуға өтінімдер алдын ала электронды түрде қабылданды, міндетті түрде шлем мен дәрігердің рұқсаты болуы керек. Жалпы, биылғы дуатлонда балалар үшін үш санат – 8-9, 10-11 және 12-13 жас белгіленді. Отбасылық сайыстың алғашқы бөлімінде жалпы ұзындығы 4,5 шақырым қашықтыққа алдымен 2,1 қашықтыққа әкелер жүгірді, одан әрі эстафетаны велосипедке мінген аналар алды. Жарысты балалар мәреге дейін 200 метр жүгірумен аяқтады» деді жарыс­ты қорытындылаған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Жылқыбаев.

Барлық қатысушы отбасыға қатысқаны үшін финишорлық медальдармен «GALANZ bottlers» компаниясы ұсынған «Sevens» суы табысталып, жеңімпаздар I, II, III орын дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен, яғни әр жеңімпаз команда мүшелеріне теледидар, микротолқынды пеш, шаңсорғыш, термопот, смартфон, смарт сағат, велосипед секілді бағалы сыйлықтар табысталды.

Сондай-ақ қатысушылар арасында лотерея ұтысы ойнатылды. Лотерея жеңімпаздары 10 велосипед және Қазақстан бойынша ең дәмді «DODO» мейрамханасына арнайы сертификаттар ұтып алды.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button