Елорда тынысы

Емхана күрделі жөндеуден өтті

Елорда тұрғындарының жылдам өсуіне байланысты бас қалада емдеу мекемелерінде төсек-орын тапшылығы мәселесі өзекті. Осыған орай, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 2023-2026 жылдарға 18 денсаулық сақтау нысанын салу және қайта жаңарту жұмысын жоспарлады. Сол жоспарға енгізілген №8 қалалық емханаға 8 айда күрделі жөндеу жүргізіліп, қайта пайдалануға берілді.

Емхана директоры Қанат Төсекбаевтың айтуынша, емхана 2008 жылы пайдалануға берілгелі бірінші рет күрделі жөндеу жүргізіліп отыр. Ғимараттың шатыры жөнделіп, кіреберіс қақпасы, барлық есігі, терезе блоктары және терезе дренаждары жаңартылды. Бөлмелердің бәрінде едені жөнделіп, желдету, өрт дабылы, сумен жабдықтау жүйелері ауыстырылды.

– Жалпы біздің емханада екі ғимарат бар, екеуінің көлемі 6 мың шаршы метрді құрайды. Қазір жөндеуден өткені – үлкен ғимарат. Күрделі жөндеу былтыр жазда басталып, биыл наурызда аяқталды. Кіші ғимарат балаларға арналған, оған да қосымша жобалау құжатын әзірлеп жатырмыз. Емханада отбасы денсаулығы орталығы, мектепке дейінгі бөлім, профилактикалық, әлеуметтік, психологиялық көмек бөлімі, күндізгі стационар, акушерлік-гинекологиялық бөлім, жедел жәрдем және тағы басқа негізгі бөлімдер бар, – дейді емхана директоры.

Бүгінде Байқоңыр ауданына қарасты бұл емханада 62 мыңнан астам адам тіркеулі. Соның ішінде 13 мыңға жуығы – балалар, қалған 47 мыңы – ересектер. Осы азаматтарға емхананың 661 адамнан тұратын медициналық персоналы алғашқы медициналық-санитарлық, мамандандырылған және стационарлық, консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді.

Тағыда

Райхан Рахметова

«Астана ақшамы» газетінің шолушысы

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button