Ел тынысы

Ерекше көңіл бөледі

Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов елордада ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған «Бақытты шаңырақ» қоғамдық қоры ұйымдастырған мерекелік шараға қатысты. Балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, Алтай Көлгінов өскелең ұрпақты қолдаудың маңызын атап өтті.

– Мемлекет басшысы балаларға, олардың сапалы білім алуына, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Биыл 1-4-сыныпта оқитын 1,5 млн оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Жыл сайын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 500 мыңға жуық бала мемлекет есебінен мектеп формасын алады. Бүгінгі таңда 188 мың бала мемлекеттің ерекше қамқорлығына мұқтаж, 82 пайызы инклюзивті біліммен қамтамасыз етілген, бұл жұмысты күшейту қажет. Сонымен бірге даму ерекшеліктері бар балалардың 97 пайы­зы психологиялық-педагогикалық тәрбиемен қамтылған. Үкімет пен мемлекеттік органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, – деді вице-премьер.

Республикада кәсіби асырап алушы отбасылар институтын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер саны азайып келеді. Тек соңғы 10 жылда 7 мың бала өз отбасын тапты. Балалар үйлері балаларды қолдау орталықтарына айналуда, ондағы жағдай жақсарған. Сондай-ақ 1 қыркүйекке дейін білім беру ұйымдарының 100 пайызын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету жоспарланғанын атап өткен жөн: жедел басқару орталығына қосу, лицензияланған күзетті ұйымдастыру, дабыл түймелерін орнату көзделген. Бұдан басқа, республикада балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтен қорғау, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспардың жобасы әзірленді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button